Кейбір қазақстандықтарға жылдамдық бойынша қате айыппұл келген

475

Бұл айыппұлдар автоматты түрде жойылады.  

Кейбір қазақстандықтарға жылдамдық бойынша қате айыппұл келген Фото: el.kz

Ішкі істер министрлігі ақпараттық жүйедегі техникалық ақау салдарынан қате қалыптастырылған нұсқамаларға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның "ЕРАП" ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау болды. Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген. Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

                                              Ришат Асқарбекұлы Фейзбук парақшасынан

Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды, олар автоматты түрде жойылатыны белгілі болды.

"Мәселе тек тасжолдарда аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдар туралы болып отыр. Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. Жағдай бақылауда", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу