Кейбір республикашылдар неліктен Украинаға көмекті тоқтатуға шақырып отыр?

1166

Олар, тіпті, президент Байденмен Киевке жәрдемдесу жөнінде "құпия мәміле жасады" деп, Конгресстің Өкілдер палатасының спикерін отставкаға жіберді.

Кейбір республикашылдар неліктен Украинаға көмекті тоқтатуға шақырып отыр? Фото: news.liga.net

АҚШ Конгресі сенбі күні үкіметтің жабылуына жол бермеу мақсатында қабылдаған уақытша бюджетте Украина үшін жаңа ақша қарастырылмаған. Осының өзі кейбір республикалықтардың Киевті енді қаржыландырғысы келмейтінін аңғартып отырғандай.

Америкада Украина үшін қанша ақша қалды?

Конгрестің зерттеу қызметінің мәліметінше, Конгресс 2022 жылы Ресей әскері басып кіргеннен кейін Украинаға әскери, экономикалық, гуманитарлық жәрдемдерге 113 миллиард доллар бекіткен.

Ақ үйдің ресми өкілі мәлімдегендей, дүйсенбіде АҚШ қорғаныс министрлігінде Украинаға жіберілген қару-жарақты ауыстыруға 1,6 миллиард доллар ғана қалды. Ал Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу бастамасы аясында Киевке берілетін қаржы таусылған. Демоктрат президент Джо Байденнің Шығындарды қысқарту органы болса, Украинаны қаруландыруға 5,4 миллиард доллар ғана қалғанын айтады.

Конгресс неліктен Украинаға көмекті жалғастыру қажет пе деген мәселені талқылады?

Қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары америкалықтардың көбінің Украинаға жәрдемдесуді құптап отырғанын көрсеткенімен, сол қолдау кейінгі кездері әлсіреп бара жатқандай.

Салыстырмалы түрде шағын болғанымен, белсенді республикалықтар тобы Украинға көмекті әу-бастан қатаң сынап, Киевтегі үкіметті коррупциямен жеткілікті деңгейде күреспейді деп айыптады. Бірақ бұл уәжді Украина да, Құрама Штаттар да жоққа шығарып келеді. Сонымен қатар, республикалықтардың ойынша, АҚШ үкіметі қазір үлкен бюджет тапшылығына душар болып отырғандықтан, Украинаға бөлінетін ақша ішкі мұқтаждықтарға және Американың Қытаймен бәсекелесу қабілетін арттыруға жұмсалуы керек.

Бұл республикалықтардың көбі 2024 жылға сайлауға өздерінің арасынан фаворит-кандидат ретінде түсуі мүмкін экс-президент Дональд Трамппен тығыз байланыста. Трамп алдағы сайлуада жеңіске жеткен жағдайда, Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтататынын және бұл шайқастың АҚШ-тан гөрі Еуропаға маңыздырақ екенін ескерткен.

Мәселе қалай шешілуі мүмкін?

Украинаға қосымша көмек көрсетудің заңға айналуының бірнеше жолы бар.

Киевке жәрдем шығындар туралы біршама ірілеу заң жобасына енгізілуі мүмкін. Ол құжатты Конгресс экономиканың тоқтауына жол бермеу үшін жыл соңына қарай қабылдауы керек. Сонымен қатар, Украинаға қолдауды шығындар туралы жеке заң ретінде конгресмендерге ұсынуға болады. Және де бұл мәселе шекара қауіпсіздігіне қосымша қаржы бөлу арқылы шешілуі мүмкін.

АҚШ-тың Украинаны қазіргі деңгейде қолдауды жалғастыруы қаншалықты ықтимал?

Украинаға көмектесуді қатты қолдайтын демократтар Конгрестің бұл жәрдемді жалғастыруын талап етіп отыр. Сенаттағы республикалықтардың көбі, солардың ішінде ықпалды саясаткер Митч МакКоннелл де осындай позицияны ұстанып келеді.

Дегенмен, Өкілдер палатасындағы картина айқын емес. Мұнда республикалықтар басымдыққа ие. Олар демократтармен сыбайласып, уақытша бюджетті қабылдауға ықпал етті деп, өздерінің арасынан шыққан спикер Кевин Маккартиді отставкаға жіберді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу