Кейс Бол Astana Qazaqstan Team сапында тағы екі маусымға қалады

1023

Astana Qazaqstan Team командасында трансферлік науқан басталды. 

Кейс Бол Astana Qazaqstan Team сапында тағы екі маусымға қалады

Astana Qazaqstan Team трансферлік науқанын қазақстандық команда құрамында дебюттік маусымын өткізіп жатқан голландиялық Кейс Болмен (28) келісімді ұзарту арқылы бастады. Шабандозбен жасалған жаңа келісім бойынша Кейс Бол "Астанада" тағы екі маусым (2024 және 2025) өнер көрсетеді.

"Өткен жылы қыс мезгілі мен үшін ерекше болды. Astana Qazaqstan Team командасына соңғы сәтте қосылдым. Дегенмен, "Астанаға" келген бойда өзімді командада өте жақсы сезіндім. Біз жұмысымызды керемет стильде бастадық. Тамаша шабандоздар мен қызметкерлер ұжымына келіп, керемет атмосфераны сезіндім. Осы уақытқа дейін маусым мен үшін өте жақсы өтіп жатыр. Командада өзімді қолайлы сезіндім. Жарыс күнтізбесі жақсы болды және маған берілген мүмкіндіктерге көңілім толады. Команда да маған риза болған сияқты. Сондықтан жаңа келісімшартқа ойланбастан қол қойдық. Мен үшін бұл командада тағы екі жыл қалу - бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізе отырып, бірге жұмыс істеуді жалғастырудың тамаша жаңа мүмкіндігі. 2023 жылы бірнеше мәрте жеңіс тұғырына шығып, он үздіктің қатарында болдым. Жеңіске жетемін деп үміттенемін. Бұл командада маңызды нәтижелерге қол жеткізе алатыныма сенімдімін", - деді Кейс Бол.

Қаңтар айының басында Astana Qazaqstan Team командасына қосылған Кейс Бол көп ұзамай өзін мықты спринтер және "жетекші" шабандоз ретінде танытты. Кейс Astana Qazaqstan Team сапындағы алғашқы жарысы - "Сауд Арабиясы" турында екі мәрте тұғырға көтерілді. Маусымның соңында голландиялық шабандоз "Дюнкерктің төрт күнінде" жалпы есепте үшінші, "ЗЛМ турының" жалпы классификациясында 5-ші нәтиже, Париждегі "Тур де Франстың" финалдық кезеңінде де өнер көрсетті. Сонымен қатар, Кейс Болл Марк Кавендишке "Шелдепрайс" классикалық жарысында, "Біріккен Араб Әмірліктері туры" және "Тур де Франс жарыстарында" жеңіс тұғырына көтерілуге көмектесті.

"Кейс командаға соңғы сәтте, яғни қаңтарда келгені рас. Бірақ бұл оның "Астанадағы" маусымына әсер еткен жоқ. Өйткені Кейс өзін мықты әрі кәсіби шабандоз ретінде көрсетті. Әзірге ол жеңіске жете алмады. Бірақ мен оның кезекті жарыстардың бірінде, сондай-ақ келесі екі маусымда біздің командада жеңіске жететініне сенімдімін. Жасыратыны жоқ, спринтерлік біз үшін әлі де жаңа тарих болып табылады. Бірақ, биыл біз әлемдегі ең жақсы спринтерлік командаларға қарсы табысқа жететінімізді дәлелдедік. Біз бұл бағытты жақсартуға дайынбыз және Кейс осы дамудың бір бөлігі болады. Оның бізбен бірге болғанына қуаныштымын. Алдағы екі жылда бірге талай жетістіктерге жететінімізге сенімдімін", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу