"Кемелердің түбі тиіп қалуда": Каспий теңізінің суы адам шошырлық деңгейде төмендеген

1,5 жыл аралығында теңіз суы 50 сантиметрге дейін тартылғаны туралы ақпараттар бар. 

"Кемелердің түбі тиіп қалуда": Каспий теңізінің суы адам шошырлық деңгейде төмендеген Фото: Naked Science

Мамандар жағдай бұлай жалғаса берсе, порт арқылы жүк тасу мүмкін емес жағдайға жететінін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Теңіз деңгейінің төмендеу салдарынан Ақтау портында кемелер мен танкерлердің түбі тиіп қалуда. Мұны Ақтау халақыаралық теңіз сауда портының бөлім бастығы Ерболат Тілепиев айтып отыр. 

– Құрғақ жүк кемесінің жүк көтергіші 6500 тонна болса, қазір 5500 тоннаға дейін жүк тиеліп жатыр. Себебі, 6 мың тонна жүктесе, асты тиіп қалады. Жыл соңына дейін тереңдету жұмыстарын жүргізбесек, теңіз деңгейі одан әрі төмендей берсе, кемемен тасымалдау тиімсіз болмақ, – дейді ол шарасыздықтан. 

Ал Көлік министрі Марат Қарабаев мамыр айынан бастап Ақтау портының акваториясы тереңдетілетінін жеткізді. Яғни, теңіз түбінен 1,5 метрге дейін батпақ алынып, тереңдігін 7,5 метрден асыру көзделуде. 

Негізінен Ақтау порты арқылы Әзербайжан, Ресей, Иран және Түрікменстан елдеріне мұнай, астық, метал, басқа да жүктер мен контейнерлік жүктер тасымалданып отырады. 

Осыған дейін Каспий теңiзiнің 75 жылдан кейінгі тағдырына болжам жасалғанын жазған едік. Онда алып Каспий суының тартылуы экологиялық ғана емес, экономика мен логистикаға кері әсерін тигізетінін хабарлаған едік. 

Бір ғана мысал, 2023 жылдың маусым айынан бастап 2024 жылдың желтоқсан айына дейінгі 1,5 жылда Каспий теңізінің деңгейі 50 сантиметрге төмендепті. Бұл стратегиялық Транскаспий бағытының бір бөлігі – Ақтау портындағы жүк тасымалының да төмендеуіне әкеліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу