Kaspi банк қызметкерлерін кепілге алған адам ұсталды

1553

Арнайы жасақ банк ғимаратына кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kaspi банк қызметкерлерін кепілге алған адам ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Барлық банк қызметкерлері босатылды. Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да басқыншы да зардап шеккен жоқ.

Басқыншымен келіссөзді министр М.Ахметжанов жүргізді. Ол әскери операцияны да басқарды.

Еске салар болсақ, сағат 15.01-де Достық көшесіндегі Kaspi банк ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы болған. 

Болжам бойынша ол 7 адамды кепілге алған. Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеді. 

Оқиға басталғаннан кейін, 2 сағаттан өткен соң, полиция банк ғимаратына штурмы жасап, барлық қызметкерлер шығарылды. Осылайша, Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті аяқталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу