Кезектен тыс президент сайлауына қаржы қайдан бөлінеді

1699

Бұл сұраққа ұлттық экономика министрі жауап берді.

Кезектен тыс президент сайлауына қаржы қайдан бөлінеді

Министр Руслан Дәленовтың мәлімдеуінше, кезектен тыс сайлауға қаражат алдын ала бөлінбейді.

"Кез келген жедел шығыстарға қарастырылған үкіметтің резерві бар. Кезектен тыс сайлау немесе өзге де кезектен тыс және тосын шығыстар туындайтын болса, онда ол үкіметтің резервінен қаржыландырылады", – деді ұлттық экономика министрі.

Естеріңізге салайық, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, кезектен тыс президенттік сайлау 9 маусым күні өтетінін мәлімдеді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу