Бүгін, 10 желтоқсанда Премьер-лиганың өткен маусымындағы үздік ойыншылары KFF League Awards салтанатты рәсімінде марапаттады.
Сонымен, беделді марапаттарға кімдер ие болды?
Жүлде иегерлерінің тізімі:
Үздік қақпашы – Темірлан Анарбеков, "Қайрат"
Үздік қорғаушы – Бағдат Қайыров, "Ақтөбе"
Үздік жартылай қорғаушы – Ғалымжан Кенжебек, "Елімай"
Үздік шабуылшы – Ислам Чесноков, "Тобыл"
Үздік жас ойыншы – Дастан Сәтпаев, "Қайрат"
Үздік бапкер – Рафаэль Уразбахтин, "Қайрат"
Үздік ойыншы – Дастан Сәтпаев, "Қайрат"
Үздік сұрмерген – Назми Грипши, "Астана"
Маусым жаңалығы – Дәурен Жұмат, "Оқжетпес"
Дастан Сәтпаев пен Ислам Чесноков марапаттарын жеке өздері ала алмады. Себебі Сәтпаев Германияда ем қабылдап жатыр, ал Чесноков Шотландияда жергілікті "Хартс" клубына ауысты.