ҚХЛ. "Барыс" ірі есеппен "Авангардқа" жеңілді

1539

Бұл елордалық хоккейшілердің қатарынан үшінші жеңілісі.

ҚХЛ. "Барыс" ірі есеппен "Авангардқа" жеңілді

"Барыс" өз алаңындағы матчар сериясын бейсенбіде "Авангардқа" қарсы өткізді. Бапкерлер құрамы ойынға қатысатын хоккейшілер тізіміне біраз өзгертулер енгізген. Роман Старченко негізгі құрамға шықса, ал Йони Ортио қақпадан орын алды. Кездесу бастала салысымен қонақтар басымдылықты өз қолына алды. Матчтың 9-минутына дейін екі гол соғылды. Оның алғашқысын "Авангард" хоккейшісі Якупов салса, кездесудің 8-минутында Зернов есепті еселеді. "Барыс" хоккейшісі Якоб Лилья есепті қысқартқанымен, қонақтардан тағы екі ойыншы Емелин мен Семенов екі гол соғып, есеп 4:1-ге жетті.

Құрлықтық хоккей лигасында 100-кездесуін өткізген Дмитрий Гурков Игорь Бобковтың қақпасынан саңылау тапты. Екі команда арасындағы матчқа "Авангард" нүкте қойды. Зернов дубль авторы атанып, есепті 2:5-ке жеткізді. Осылайша елордалық хоккей клубы үшінші мәрте қатарынан өз айдынында жеңіліп отыр.

Кездесу аяқталған соң екі команданың бапкерлері ойынға қатысты өз пікірлерін білдірді.

"Біз үшін маңызды және керемет жеңіс болды. Қонақта өткізген соңғы матчымыз.  Әрине, бұл сапарды осындай нотада аяқтаған жақсы. Біздің командалар арасында ұзақ жылдар бойы қандай бітіспес бәсекелестік болғанын білеміз. Бүгін бірінші кезеңді керемет өткіздік. Екінші, үшінші кезеңдерде агрессивті және сауатты әрекет еттік. Шабуылдардың әрқайсысында голдар жасадық. Ойыншыларымыз барын салып, керемет жұмыс жасады. Денис Зерновты ерекше атап өткен жөн болар. Ол бүгін толықтай басымыдылықты өз қолына алды", - деді "Авангардтың" бас бапкері Боб Хартли.

"Бірінші кезеңде қарсылас команда шабуылдауда бізден асып түсті. Кейбір сәттерде біз мұқият бола алмадық. Қарсылас команда тез арада қарсы шабуылға шығып, үшінші және төртінші ойыншыларын қосып отырады деп күткен едік. Екінші және үшінші кезеңдерде ойын теңесті. Матч барысын түзетуге, есепті теңестіруге деген ұмтылыс та болды. Бірақ,  жалпы, олар қарсы шабуылдарды жіберіп алып, гол соғылды", - деді "Барыс" ХК бас жаттықтырушысы Юрий Михайлис.

Барыс – Авангард – 2:5 (1:3, 0:1, 1:1)

0:1 Зернов (Вилле, Бобков) 04:27
0:2 Якупов (Каски, Буше) 08:09
1:2 Лилья (Хетерингтон, Шалапов) 11:47
1:3 Емелин (Зернов, Буше) 16:03
1:4 Семёнов (Емелин, Хохлачёв) 38:03
2:4 Гурков (Хетерингтон, Асетов) 45:16
2:5 Зернов (Буше) 53:57

Енді "Барыс" Уфа – Санкт-Петербург бағыты бойынша жолға шықты. "Салават-Юлаевпен" өтетін кездесу 22-қарашаға жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу