ҚХЛ: "Барыс" плей-оффқа жолдама алды

1937

Гагарин кубогінің плей-офф кезеңіңде қазақстандық "Барыс" та өнер көрсететін болды. Бұл кезеңде қазақстандық клуб Магнитогорскінің "Металлургімен" ойнайды. Елордалық команда Шығыс конференциясының кестесінде "Амур" және "Автомобилист" сияқты басты бәсекелестерін айналып өтіп, 1 наурыздан кейін плей-офф кезеңінде сынға түседі.

ҚХЛ: "Барыс" плей-оффқа жолдама алды

ҚХЛ президенті Алексей Морозов Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының жалғасуы туралы түсініктеме берді.

"4 ақпанда Бейжіңде жиырма төртінші қысқы Олимпиада ойындары басталды. Бұл спортшылар үшін де, жанкүйерлер үшін де көптен күткен іс-шара. Бірнеше апта бойы бұл спорт додасы әлемнің ең үздік деген спортшыларының басын қосады. ҚХЛ он ұлттық құрамада, барлығы 22 клубта өнер көрсететін 120 спортшының ең маңызды спорт додасына қатысып, лайықты түрде өз елінің намысын қорғауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты. Ресей мен Қытай құрамалары толығымен лига клубтарының ойыншыларынан тұрады. Латвия, Чехия және Финляндия құрама командаларында ойнайтын хоккейшілердің басым бөлігі Олимпиадаға қатысады.

Құрлықтық хоккей лигасы маусым басталар алдында Олимпиада ойындарына байланысты үзіліс жасау қажеттілігін ескерді. Ойыншылар өз құрамалары орналасқан жерге дер кезінде жетті. Бүгінде олардың көпшілігі Бейжіңде.

Олимпиадалық хоккей өтіп жатқанда, біз маусымның ең маңызды кезеңі – плей-офф кезеңіне дайындықты жалғастырамыз. Ал Гагарин кубогі үшін жекпе-жекте айқын фаворит болмағандықтан, бұл жарыс тартысты өтері сөзсіз.

Пандемияға байланысты жағдайды ескере отырып, плей-офф ойындарын командалар мен жанкүйерлерге барынша ыңғайлы өткізу үшін Лига ағымдағы маусымдағы кезекті чемпионаттың нәтижелерін анықтаудың жаңа тәртібін бекітті.

Мұның бірнеше себебі бар. Тұрақты маусымның қалған матчтарында ойыншылардың коронавирус жұқтыру қаупі бар. Өйткені олар әртүрлі қалаларға ұшуға мәжбүр болады. Сондықтан әр кезеңде матчтар екі күнде бір рет өтіп, күніне төрт матчтан аспайды (әр конференцияда екіден) деп жоспарлап отырмыз.

Серия басталмас бұрын барлық ойыншылар өз командаларында карантинде болады. Ал ойындар арасындағы қосымша демалыс күндері матчтарға қатыса алмайтын хоккейшілердің орнын жылдам алмастырға болады. Осылайша, бір сериядағы ойыншылар коронавирус жұқтырса, бұл басқа матчтардың өтуіне қауіп төндірмейді. Лига тұрақты маусымның нәтижелерін анықтаудың және плей-оффқа қатысушыларды анықтаудың әртүрлі нұсқаларын қарастырды. Әділ шешім шығарып, барлық клубтар үшін тең шарттарды қамтамасыз ету маңызды болды. Сондай-ақ командалар өткізген матчтардың саны әртүрлі екенін ескере отырып, дұрыс шешім шығаруға тырыстық.

Сонымен плей-офф кезеңіне жолдама алған кейбір командалар өздерінің конференцияларында үздік сегіздік қатарына кіре алмады. Бірақ қазіргі жағдайда байланысты бұл маусымды аяқтап, чемпионды анықтауға мүмкіндік беретін жалғыз оңтайлы шешім болып отыр. Плей-офф кезеңі 1 наурыз күні басталады", – деді Алексей Морозов.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасы олимпиадалық үзіліс кезінде матчтарды өткізбеу туралы шешім қабылдады. ҚХЛ клубтар арасында Бейжіңдегі Олимпиада ойындары уақытында чемпионатта үзіліс кезінде матчтар өткізуге дайын ба деген тақырыпта сауалнама жүргізді. Лиганың 24 клубының 16-сы "қарсы" дауыс берді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу