ҚХЛ. "Барыс" плей-оффтан шығып қалды

1439

Магнитогорск қаласында өткен кездесу 3:1 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді.

ҚХЛ. "Барыс" плей-оффтан шығып қалды

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі серияның бесінші кездесуінде "Барыс"  "Металлургтен" жеңіліп, маусымды аяқтады.

Айта кетейік, Никита Бояркин алғашқы минуттардан-ақ "Барыстың" қақпасын қорғады. Сондай-ақ қорғаушы Әділ Бекетаев Құрлықтық хоккей лигасындағы бірінші кездесуін өткізді.

Алғашқы үзіліске аз уақыт қалғанда айдын иелері есеп ашты. Қақпашының қайтарған шайбасын Семён Кошелев пайдаланып, Бояркиннен айласын асырды. Соңғы үшінші кезеңнің басында "Барыс" таразы басын теңестірді. Валерий Орехов шайбаны ортаңғы сызықтан лақтырды. Ал шайба Кирилл Савицкийдің дәл соққысынан кейін қақпадан табылды.  Алайда Юрий Михайлистің шәкірттері табысқа жете алмады. Анатолий Никонцев пен Денис Зерновтың дәл соққылары серияның нүктесін қойды. Осылайша төрт жеңіске дейінгі сериясындағы есеп 4-1 есебімен, "Металлургтың" пайдасына аяқталды.

Ойынынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

"Бүгінгі тартысты ойын көрерменді біраз алаңдатты. Командалар мүмкіндігінше аз қателесуге тырысты. Бірақ қарсыластың бізді жеңуіне мүмкіндік бергмедік. Жалпы жігіттер барын салды. Бәрі де соңына дейін ойнауға, жеңіске жетуге тырысқаны көрініп тұрды. Серияны қорытындылай келе, бірінші және бүгінгі матчтар өте жақсы өтті деп айта аламын. Біз өз айдынымызда өте нашар ойнадық. Бояркин бүгін командаға көп көмектесті" , - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

""Барыс" жақсы команда. Серия қызықты өтті. Хоккейшілерге алғысымыз шексіз. Кейбір матчтарда гол соғылды. кейбіреулерінде барлығы нәтижесіз аяқталды. Бізге бүгін жеңіске жету маңызды болды", - деді магнитогоркілік команданың бас бапкері Илья Воробьев.

"Металлург" - "Барыс" 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

1:0 – 16:03 – Кошелев (Хабаров)

1:1 – 40:55 – Савицкий (Орехов, Альсинг)

2:1 – 47:31 – Никонцев (Неколенко, Минулин)

3:1 – 50:59 – Зернов (Карпов, Яковлев)

ҚақпашыларКошечкин – Бояркин

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу