Ким Чен Ын қызын ел басқаруға дайындап жатыр

132

Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі талдау жүргізген. 

Ким Чен Ын қызын ел басқаруға дайындап жатыр Фото: kcna.kp

Солтүстік Корея Ким Чен Ынның қызын мемлекеттегі ең жоғары лауазымға мұрагер ретінде дайындау қарқынын күшейтіп жатыр. Бұл туралы Ренхап агенттігі Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК агенттігіне сілтеме жасап.

"Жақында Чжу Э қорғаныс саласына қатысты бағыттардан көрінді. Бұл әйел мұрагерге деген сенімді арттыру және биліктің сабақтастығы бейнесін қалыптастыру жұмыстарын жеделдету үшін жасалып отыр", – делінген мәлімдемеде.

Ақпан айында The Chosun Daily басылымы үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап, Чжу Энің зымыран бағдарламасына қатысты бағытты қадағалай бастағанын жазған. 

Соңғы уақытта КХДР басшысы қызын жұмыс сапарларында бірнеше рет ертіп жүрген. Олар атыс соққылары жаттығуларын бақылап, қорғаныс корпусына қарасты оқу базасында өткен тактикалық жаттығулар кезінде танкіге мінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу