Ким Чен Ын небәрі 13 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатыр

Бұл туралы мәліметті былтырдан бері әлемдік БАҚ ашық айтып келеді.  

Ким Чен Ын небәрі 13 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатыр Фото: Korean Central News Agency

Осы жолы Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі де мұны растаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

КХДР басшысы Ким Чен Ын өзінің қызы Ким Чжу Эні тақ мұрагері етіп тағайындауды көздейді. Қазір оның мәртебесін нығайту бағытында жұмыс істеуді жалғастыруда. 

Сеулде Ким Чжу Э жақын арада билеуші Еңбек партиясының отырысына қатысуы ықтимал. Сол кезде аталған жорамал нақтылана түспек. Барлау қызметі де оның отырысқа қатысуы, таныстырылу форматы және ресми мәртебе берілуі билікті тапсыру жоспарының бір дәлелі екенін жоққа шығармайды.

NIS-тің жабық брифингінен соң депутат Ли Сон Кын оңтүстіккореялық барлау қолданатын тұжырым өзгергенін сөз етіп, Ким Чжу Энің кандидатурасы қарастырылып жатыр десе, кейін "мұрагер ретінде тағайындалу сатысында" деген сарында пікір білдіріп отыр.

Шыны керек, Оңтүстік Корея барлауы оның ел басшылығына дайындалып жатқанын алғаш рет 2024 жылдың 29 шілдесінде-ақ хабарлаған еді. Артынша сценарийдің өзгеруі мүмкін екенін алға тартты. Басқа да кандидаттың таңдалуы ықтимал болатынын қоса кетті. 

Ким Чжу Э әкесімен бірге әскери парад, ресми іс-шараларда жиі бой көрсетеді. 2025 жылдың қыркүйегінде ол Ким Чен Ынмен бірге Қытайға барды. Сол уақытта Yonhap агенттігі "бұл бірлескен сапар билікті тапсыруға дайындықтың белгісі болуы мүмкін" деп жазды.

Сарапшылардың қыздың жасын шамамен 13-те деп бағалайды, бірақ оның нақты туған күні жарияланбаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу