Кирилл Герасименко Сингапурдегі үстел теннисі турнирінде өнер көрсетті

158

"WTT Singapore Smash 2026" турнирінің жалпы жүлде қоры 1 550 000 АҚШ долларын құрайды.

Кирилл Герасименко Сингапурдегі үстел теннисі турнирінде өнер көрсетті Фото: olympic.kz

Сингапурде өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко сенімді ойын көрсетті.

1/16 финалда отандасымыз әлемнің үшінші ракеткасы, екі дүркін Әлем кубогының иегері және Азияның үш дүркін чемпионы Линь Шидунмен (Қытай) кездесті. Тәжірибелі әрі титулға бай қытайлық спортшы бұл ойында 3:0 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Дегенмен, Кирилл Герасименко турнир бойы жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Ол жалпы есепте 100 рейтингтік ұпай жинап, төрт сенімді жеңіске қол жеткізді: румыниялық Овидиу Ионескуды 3:1, швециялық Маттиас Фалькты 3:1, бельгиялық Сендрик Нюйтинкті 3:2 және англиялық Том Джарвисті 3:0 есебімен жеңді.

Бұл ұпайлар Кирилл Герасименконың әлемдік рейтингтегі орнын нығайтуға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу