ҚМГ БӨ кен көздерін сарқа бастады

2592

Кен орындарындағы қордың таусылуынан 2017 жылдың тоғыз айында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" (ҚМГ) АҚ-та мұнай өндіру 3%-ға төмендеген.

ҚМГ БӨ кен көздерін сарқа бастады

2017 жылдың тоғыз айында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" (ҚМГ) АҚ шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізуді 13,6%-ға қысқартып, экспорттауды былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға арттырды. "Қазгермұнай" БК" (ҚГМ) ЖШС, "Қаражанбасмұнай" (CCEL) АҚ және "ПетроҚазақстанИнк" ("ПКИ") АҚ үлесін қоса алғанда көмірсутектерді өндіру 3%-ға азайған.

Өндіру

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" (ҚМГ) АҚ-тың кен өндіретін активтері құрылымына "Өзенмұнайгаз" (ӨМГ) АҚ, "Ембімұнайгаз" АҚ, сондай-ақ "Қазгермұнай" БК" ЖШС (50%) , "Қаражанбасмұнай" (CCEL) АҚ (50%) және "ПетроҚазақстанИнк" ("ПКИ") АҚ-тың (33%) үлестері кіреді.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру"  компаниясы "Қазгермұнай" БК" CCEL және "ПҚИ" үлесі есебінен 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 8,88 млн тонна (тәулігіне 239 мың баррель) мұнай өндірген, бұл 2016 жылдың осындай кезеңіндегі өндірілген мұнайға қарағанда 3%-ға аз. Өндірудің төмендігі іске қосылған ұңғымалардың санының аздығына және "Өзенмұнайгаз" АҚ-тағы ауыспалы ұңғымалар қорының өндіру деңгейіне, сонымен қатар "ПҚИ" компаниясындағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи тұрғыдан төмендеуіне байланысты болып отыр.

"Өзенмұнайгаз" АҚ 4,09 млн тонна (тәулігіне 110 баррель) мұнай өндірген, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 2%-ға аз. "Ембімұнайгаз" 2,11 млн тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірген, ал бұл 2016 жылы өндірілгеннен 0,2%-ға төмен. Нәтижесінде "Өзенмұнайгаз" бен "Ембімұнайгаз"-дың өндірген мұнайының жалпы көлемі 6,20 млн тонна (тәулігіне 167 мың баррель) болған, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем.

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-тың  CCEL, "ҚГМ" және "ПҚИ" компанияларының өндіру үлесі  2,67 млн тонна (тәулігініне 72 мың баррель) болған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6%-ға төмен.

Мұнайды ішкі нарыққа жеткізу және экспорттау

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-тың ("ӨМГ", "ЕМГ" және CCEL, "ҚГМ", "ПҚИ" -ді қоса алғанда) ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізу жиынтығы былтырғы жылмен салыстырғанда 13,6%-ға қысқарған. Сонымен қатар шикі мұнайды экспорттау осы жылдың тоғыз айында 2,9%-ға өскен, яғни өткен жылдың тоғыз айындағы 5,09 млн тоннамен салыстырғанда 5,24 млн тоннаға жеткен.

"Өзенмұнайгаз" бен "Ембімұнайгаз" АҚ осы жылдың тоғыз айында 6,06 млн тонна шикі мұнай (тәулігініне 160 мың баррель) өндірген, оның 4,2 млн тоннасы (тәулігіне 111 мың баррель) экспортталған, ал 1,85 млн тонна (тәулігіне 49 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа жеткізілген.

"ӨМГ" мен "ЕМГ"-ның ішкі нарыққа жеткізген 1,85 млн тонна (тәулігіне 49 мың баррель) шикі мұнайының 1,43 млн тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 419 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілген.   

Мұнайды дербес процессингтеу кестесіне сай осы жылдың тоғыз айында  1,77 млн тонна мұнай өнімі саудаланған.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ға тиесілі CCEL, "ҚГМ" және "ПҚИ" компанияларының сату көлеміндегі үлесі 2,55 млн тонна мұнай (тәулігіне 69 мың баррель) болған, оның ішінде  экспортталған 1,04 млн тонна мұнай (тәулігіне 27 мың баррель) мен ішкі нарыққа шығарылған 1,50 млн тонна (тәулігіне 42 мың баррель) бар.

Еске сала кетер болсақ, 2016 жылдың сәуірінде компания мұнайды дербес процессингілеуге көшкен болатын, ал бұл "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-қа түсім мен таза пайданы арттыруға мүмкіндік берді.

Компания ішкі нарыққа мұнай жеткізудің ықтиярсыз-ауыр тәсілін  ықтиярсыз, бірақ тиімді тәсілмен алмастыра отырып, мұнай сату бизнесін қайта құрып шықты. Бұған дейін компания ішкі нарыққа жеткізу бойынша міндетті орындау үшін "ҚазМұнайГаз – Өңдеу және Маркетинг" ("ҚМГ ӨМ") компаниясының шикі мұнайын сатқан еді. Сәуір айынан бастап,  "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, сату жөніндегі агент ретінде "ҚМГ ӨМ" арқылы мұнай өнімдерін өздігінен сата бастады.

Гүлназ Ермағанбетова, Құралай Абылғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу