KMG International N.V. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында былтырғы жылдың пайдасын екі есеге арттырды

6207

KMG International N.V. операциялық қызметтен 32,3 миллион АҚШ доллары көлемінде таза пайда көрді.

KMG International N.V. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында былтырғы жылдың пайдасын екі есеге арттырды

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының 100% румындық "еншілесі" "KMG International"  (КМГИ) 2016 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша қаржылық-операциялық қызмет нәтижесін жариялады.

"Компания активтерді сатып алғанан бері бірінші рет бірінші жарты жылдықта операциялық қызметтен 32,3 млн. АҚШ доллары көлемінде таза пайда көрді, бұл былтырғы жылғы осындай уақытпен салыстырғанда алты есеге көп",- деп хабарлады дүйсенбі күні "KMG International" тобының PR және корпоративтік коммуникация департаменті.

Компания бұл қаржылық көрсеткіш деңгейі 2009-2010 жылдардағы қызметпен байланысты сот ісін реттеу бойынша бір реттік нәтижесі есебінсіз көрсетілгенін түсіндіріп кетті.

"Көрсетілген нәтиже есебімен таза пайда 9,2 миллион АҚШ долларын құрады, бұл былтырғы жылғы осындай уақытпен салыстырғанда екі есеге көп",- деп "KMG International" департаментінің хабарламасында айтылған.

Сонымен қатар, хабарламада 2016 жылдың алғашқы алты айында EBITDA көрсеткіші рекордтық деңгей 104,6 миллион АҚШ долларына жеткендігі, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 22,7 миллион АҚШ долларына көп немесе 28 %-ға артық екендігі айтылған.

"Әлемдік нарықтағы қиын уақытта компания өзінің алдына үлкен мақсат қойып, оған 2015 жылдың соңына қарай табысты түрде қол жеткізді. Бұл жыл ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының шетелдік активтерді иелену тарихындағы ерекше жыл болды. Ал 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының қортыныдысы біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың тағы да бір дәлелі",- деген KMG International компаниясының бас директоры Жанат Түсіпбеков, берілген хабарламадағы сөзінде.

2012 жылдағы EBITDA шоғырландырылған деңгей 79 миллион АҚШ долларын құрағандығын, ал таза залал (-156) миллион АҚШ доллары көлемінде болғанын атап кету маңызды. 

Есептілік кезеңі бойынша жоғары көрсеткішпен KMG International құрамына кіретін негізгі компаниялар ерекшеленгендігін департаментте атап көрсетті. Біріншіден, Rompetrol Rafinare EBITDA көрсеткішін 51,4 миллион АҚШ доллары деңгейіне жеткізген, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14,9 артық. Екіншіден, Румыниядағы Ромпетрол Даунстрим EBITDA көрсеткіші 22,5 миллион АҚШ доллары деңгейіне жеткен, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,9 миллион АҚШ долларына артық. Үшіншіден, EBITDA бағытындағы мұнай трейдингі мен мұнай өнімдері 11,4 миллион АҚШ доллары деңгейінде тіркелген, бұл былтырғы жылдан 2,2 миллион АҚШ долларына артық.

"Компания топтары бойынша жоғары қаржылық-операциялық көрсеткіштерге қол жеткізудің негізгі қозғаушысы 2013 жылы іске қосылған бизнесті трансфармациялаудың кең көлемдегі бағдарламасы болды",- деп хабарламада көрсетілген.

Ол жерде бір қатар бизнесті трансформациялау жобаларын іске асырудан  түскен тікелей пайданың жалпы сомасы 15,8 миллион АҚШ долларын құраған. Негізгі пайда Румыниядағы сатылымдарды арттыру және Корпоративтік қызмет көрсетудің жалпы орталығын сатып алумен, "Petromidia" МӨЗ-нің тиімділігін арттыруға байланысты жобалар бойынша алынған болатын.

Таза өңдеу бойынша айтатын болсақ, онда 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Қара теңіз жағасында орналасқан KMG International компаниясының негізгі активі  "Petromidia" МӨЗ өзінің барлық өндірістік операциялық көрсеткіштерін арттырды және мұнайды өңдеуде тәуліктік норма бойынша 15,34 мың тонна жаңа рекордтқа қол жеткізді. Осымен бірге өңделген шикізаттың жалпы көлемі есептілік кезеңде 2,79 миллион тоннаны құрады, бұл былтырғы жылғыдан  4.3%-ға артық.

Осымен қоса, өндірістік бірліктердің тиімділігін және  оңтайландыруын арттыру бойынша бағдарлама барысында өңдеу шығындары  2015 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда  0,9%-ға қосымша төмендетілген. Дизельдік және авиациялық отынды шығару орталық және шығыс Еуропа өңіріндегі  45,7%  орташа көрсеткішпен салыстырғанда 51,5%-ды құрады, ал "Petromidia" МӨЗ-дың өндірістік қуаты 2015 жылдың 96,1%-мен салыстырғанда 96,8%-ға дейін артты.

"KMG International есептілік кезеңдегі бөлшектік сегментте мұнай өнімдерін сатудың жалпы көлемі бойынша 1,27 миллион тонна көлеміндегі көрсеткішке қол жеткізген, бұл былтырғы жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда  Румыния, Болгария, Грузия және Молдавада 13%-ға артық",- деп жазылған хабарламада.

Сатылымдардың артуының негізгі факторларының бірі басталған  ЖЖС ребрендингтеу бағдарламасы болып табылады, соның арқасында жаңа, заманауи және клиентке бағдарланған жанар жағар май станцияларының концепті дайындалған.

"Компанияны басқаруды жақсарту бойынша менеджментпен қабылданған шаралар нәтижесінде компанияның тиісті ұйымдастырушылық құрылымын және тиімді операциялық үлгісін жасау мүмкін болды. Кәсіби және мақсатқа жұмыс істейтін басқарушылар командасы қалыптасқан, оның ішінде қазақстандық мамандар да бар. Компания Еуропа нарығында және Қара теңіз өңірінде көшбасшылық орынды алуға өте үлкен мақсат қойған, бұл қол жеткізген таза пайда деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді",- деді KMG International компаниясының бас директоры Жанат Түсіпбеков.

Күлпаш Қоңырова

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться