Көктөбе жеңімпаз атанған "Қайрат" футбол клубының түсіне боялды

205

Отандық жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ.  

Көктөбе жеңімпаз атанған "Қайрат" футбол клубының түсіне боялды Фото: бейнежазбадан

Алматыдағы Көктөбе мұнарасы тарихи жеңіске жеткен "Қайрат" футбол клубының түсіне боялды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күні кеше "Қайрат" футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Отандық клуб Шотландияның "Селтигін" тізе бүктірген болатын. Осылайша қазақстандық клуб алғаш рет плей-офф кезеңінен өтіп отыр.

Отандық футбол клубы Чемпиондар лигасына шыққаны үшін шамамен 12,4 млрд теңге табыс тапты. Қақпашы Темірлан Анарбеков қазақ футболының жаңа қаһарманына айналды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу