Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру несімен маңызды

Егер қалдықтар бөлек жиналса, қоршаған ортаға зиянды азайтуға болады.

Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру несімен маңызды Фото: canva.com

Қазақстандықтар үшін қоқысты түрлеріне қарай сұрыптап жинау Жапония, Еуропа немесе Америка тұрғындары сияқты үйреншікті емес.  Көпшілігіміз қалдықтарды сұрыптаудың қандай пайдасы бар екенін білмейміз, сондықтан оған мән бермейміз. Сұраптау не үшін қажет? Бірге түсінейік.

Қалдықтарды сұрыптау керек пе?

Егер қалдықтар бөлек жиналса, қоршаған ортаға зиянды азайтуға болады.

Қоқыс қоршаған ортаға зиян келтіреді. Егер сұрыпталмаса, ол су мен топырақты ластайды, құстар мен жануарлардың өміріне қауіп төндіреді және жергілікті экожүйелерді бұзады. Егер қауіпті және қауіпсіз қалдықтарды араластырмасақ, экологияға зиянды айтарлықтай азайтуға болады.

Органикалық қалдықтар, мысалы, тамақ қалдықтары мен бақша қалдықтары (жапырақтары, бұтақтары және т.б.) ыдырайды, экологияға зиян келтірмейді және тіпті тыңайтқыш ретінде де қолдануға болады. Макулатура мен картонды қайта өңдеуге болады. 

Бірақ егер мұның бәрі қауіпті қалдықтармен (батареялар, авто шиналар, термометрлер, полиэтилен және т.б.) араласып, полигонға түссе, топырақ мен су ондаған шақырым радиуста уланады.

Сондықтан қоқысты бөлек жинау және оны кейіннен дұрыс жою маңызды. 

Қайта өңдеу экология үшін ғана емес, бірінші кезекте өнеркәсіп пен бизнес үшін қажет. Әр түрлі мәліметтер бойынша 2/3-тен ¾ - ге дейін тұрмыстық қалдықтар қайта өңделеді және өндірушілерге олардан шикізат алу әлдеқайда арзан және оңай. Сонымен қатар көптеген ресурстар шектеулі.

Мысалы, пластмасса жасау үшін (бұл тек бөтелкелер ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық техниканың бөлшектері, жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б.) мұнай қажет. Иә, бүгін емес, бірақ бір күні ол аяқталады. Қағаз жасау үшін ағаш қажет, бірақ егер сіз қайталама шикізатты қолдансаңыз, ормандарды кесудің қажеті жоқ.

Еліміздегі қоқыс полигондарының аумағы мыңдаған гектарды алып жатыр, онда ағаштар, ауылшаруашылық дақылдары өсіп, тұрғын үй, қоғамдық, мәдени нысандар орналасуы мүмкін еді. "Сұр" полигондардың қанша тұратынын ешкім білмейді.

Қоқысты бөлек жинау мәселелері өзекті, өкінішке қарай, бүгін бәріміз өндіретін қалдықтарды сұрыптай бастасақ та, біздің мемлекет оларды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жаратудың толыққанды және ойластырылған жүйесін әлі құрған жоқ. 

Еліміздің ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкент қалаларында да бөлек қоқысқа арналған инфрақұрылым жоқ. Қағаз, шыны, тамақ қалдықтары үшін бөлек қоқыс жәшіктері көп қалаларда бұрыннан бар. Бірақ бұл сұрыпталған қоқыстардың барлығын қоқыс таситын машина бірге жинап алады. Барлық пафос осымен аяқталады.

Бірақ әр қазақстандық қазірдің өзінде өзі шығаратын қалдықтарды азайтуға үлес қоса алады. Мұны істеу үшін бір рет қолданылатын ыдыстарды, полиэтилен пакеттерін пайдаланудан бас тарту, кофе сатып алғанда оны өз стақпныңызға немесе термосқа құюды сұрау жеткілікті.

Қарапайым адамдар қоқыс қалдықтары үшін жауапкершілікті түсінгенде, мәселе оңай шешілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу