Көкжиде кеніші жерасты су қорына қауіп төндіре ме

3958

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев бұл сұраққа зерттеу қорытындысынан кейін нақты жауап беруге болатын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Көкжиде кеніші жерасты су қорына қауіп төндіре ме

"Жерасты суларының ластануын болдырмау үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдік Көкжиде кен орнының ауданындағы жерасты суларына мониторинг жүргізді. Бұған дейін аракідік мұнай өндірушілердің әрекетінен жерасты суының ластану фактісі анықталды. Биыл осыған байланысты ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Комиссия ұйымдастырылып, сынама алынды. Бірақ концентрациялардың шектен шығуы дәлелденген жоқ. Біз сонда да тиісті нұсқау бердік", – деді министрдің орынбасары. 

Серікқали Брекешевтің сөзінше, аты аталған аумақтағы жерасты суының қоры әлі нақтыланған жоқ. Қазір жергілікті әкімдіктің тапсырысымен барлау жұмысы жүріп жатыр.

"Көкжиде кен орны елдің батысындағы ең ірі су қоры болып есептеледі. Оның әлеуетін тұрғындардың сапалы ауыз суға тапшылығын жоюға пайдалануға болады. Қазір Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша "Ақпан" ЖШС Көкжиде кен орнының қазіргі жағдайын зерттеу мақсатында жерасты суларының пайдаланылатын қорын барлап, қайта бағалау жұмысын атқарып жатыр. Жыл соңына дейін жерасты суларының қоры қайта бағаланады. Кен орнының өзекті контурлары айқындалады және нақты экологиялық жүктемесі бағаланады", – деді вице-министр. 

Оның дерегінше, аталмыш аумақта көмірсутек өндіретін 8 кәсіпорын барлау және өндіру жұмысын жүргізіп жатыр. 

"Жұмыс қорытындысы бойынша кен орнының жерасты суларының ықтимал ластануына жол бермеу жөніндегі шаралар кешені әзірленеді", – деді министрдің орынбасары. 

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться