Қолдау болмай, күрмеу шешілмейді

2483

Майлы дақылдарды өсіру және өңдеу секторының келешегі мемлекеттің қолдауынсыз дамымайды.

Қолдау болмай, күрмеу шешілмейді

Өсімдік шаруашылығының келешегі зор бар бағыттарының бірі – майлы дақылдарды өсіру және өңдеу. Оларға ішкі және сыртқы нарықтарда сұраныс жоғары, болашақта да арта бермек.

Бүгінгі күні майлы дақылдар өндірісі ақшаға шаққанда 411 млн долларға бағаланады, яғни жалпы ауылшаруашылық өндірісінің 4%-ын құрайды. Соңғы он жылда бұл сектор төрт есе өскен әрі әлі де өсе түспек.

Жер бетіндегі адам санының көбеюін есепке алатын болсақ, майлы дақылдарға деген сұраныс артпаса кемімейді. Қазір етке деген сұраныс 2050 жылға қарай 13%-ға артады деп болжанып отыр. Демек, ол мал бордақылауда негізгі азық саналатын майлы күнжараға сұранысты арттырады. Майлы дақылдарға сұраныс 17%-дан төмен болмайды деген долбар бар.

Елімізде майлы дақылдарды өсіру мен өңдеу басымдыққа ие әрі болашақта сыртқы нарықтарға шикізат пен дайын өнім шығаруды жоспарлайды. Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде соңғы бес жылда майлы дақылдар өндірісі кем дегенде екі есе артқан. Биылғы егіс жылында майлы дақылдардың алқабы 2,4 млн га құрады, ал сонау 2007 жылы бұл егіс алқаптары тек 0,7 млн га ғана болған еді.  

Бүгінгі таңда Қазақстандағы майлы дақылдардың жалпы жиын-терімі 2,2 млн тонна, бірақ 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,5 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін деп болжануда. 2021 жылға қарай елімізден экспортқа шығарылатын өсімдік майы 400 мың тоннаға дейін (2017жылдың бес айында – 0,7 мың тонна), өсімдік күнжарасы 500 мың тоннаға дейін өсуі мүмкін. Алайда бүгінгі күні еліміздегі май дақылдарын өңдеу бойынша қуаттылық 1,4 млн тоннаға дейін жетеді, алайда оның тек 40%-ы ғана жүктелген, ал өңдеу бойынша 32% үлесте бар болғаны 570 мың тонна ғана өндірілуде.

"ЭФКО" ЖШС директоры Нұржан Қожамұратовтың айтуынша, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетін дамыту үшін басты екі проблема – майлы дақылдардың жалпы жинағын және өңдеу көлемін арттыруды шешіп алу керек. "Бұршақ және майлы дақылдарды дамытудың келешегі" атты ФАО семинарында сөз алған ол "сала ұзақ уақыт бойы мемлекеттің қолдауынсыз жұмыс істеді, тек соңғы кезде ғана жағдай өзгере бастады" деп атап кетті.

Алайда қазіргі қарастырылып жатқан шаралар саланы ауқымды барынша үшін жеткіліксіз. Нұржан Қожамұратовтың сөзіне зер салсақ, Қазақстанның АӨК-ті дамыту бағдарламасы суармалы жерлерді соңғы бес жылда 600 мың га-ға арттырмақ, оның 126 мың гектары Алматы облысында жаңадан берілмек.

"Жаңадан берілетін суармалы жерлердің 70%-дан астамы майлы дақылдарды өсіру үшін қопсытуға берілуі қажет", – деп есептейді ол.

Сонымен қатар берілетін субсидияның көлемін қайта қарау керек. Нұржан Қожамұратовтың ойынша, гектарлық субсидиядан және өнімді отандық кәсіпорындардың өңдеуіне тапсырғаны үшін берілетін субсидиядан бас тарту дұрыс шешім болды, бірақ та бұл субсидияның көлемі (бір келі өнім үшін төрт теңге) шикізатты экспортқа шығаруға тосқауыл болу үшін жеткіліксіз.

"Елдегі ішкі өңдеушілерді қорғаудың механизмін реттеу керек. Ол үшін 2018 жылға қарай субсидияның көлемін өсірілген және өткізілген өнімнің бір келісі үшін 25 теңгеге дейін арттыру қажет. Бұл еліміздегі майлы дақылдардың сапасы мен жалпы жинағын арттыруға мүдделі жергілікті ауыл шаруашылық өндірушілері үшін қосымша материалдық ынталандыру болады", – деп есептейді ол.

Мұны нарықты саралап отырған сарапшылар да айтып отыр. "Бұршақ және майлы дақылдар" зерттеу бюросының өкілі Виктор Асланов болса бүгінгі күні сараптама көрсетіп отырғандай фермерлер өз өндірісін қаржыландыруға дайын емес екендігі айтады. Сонымен бірге нарыққа жасалған талдау саланы жасанды ынталандыру еш нәтиже бермейтінін көрсетіп берді.

Майлы дақылдарды өсіру мен өңдеу саласын келешекте дамыту керектігін сарапшылар да, өндірушілер де айтып отыр. Алайда өндірушілерге көмек жүйелі түрде көрсетілуі керек, яғни қаржылық көмек көрсетуден бастап, сыртқа нарыққа шығуға дейін жағдай жасалуға тиіс. 2021 жылға дейін АӨК-ні дамыту бағдарламасы осы мәселелерді шешуге арналған.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться