Өзбекстан футболшыларына көлік сыйлаймыз деп 340 мың доллар айыппұл арқалады

321

10 маусым күні Өзбекстан құрамасының футболшылары бір-бір көліктен тізгіндеген еді. 

Өзбекстан футболшыларына көлік сыйлаймыз деп 340 мың доллар айыппұл арқалады Фото: UFA

10 маусым күні Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуде Катарға қарсы шешуші ойынын өткізді. Ташкентте болған аталмыш кездесуден кейін өзбек елінің футбол Қауымдастығы мундиальға жолдама алған команда аяқдопшыларының бәріне BYD маркалы көліктерін табыстады.

Алайда Азия Конфедерациясымен ақылдаспай іс-шара ұйымдастырып, салдарынан BYD көліктеріне жарнама жасаған Ұлттық құрама 340 мың доллар айыппұл төлейтін болады. 

Өзбекстан футбол Қауымдастығы өзіне салынған жаза құнын бір ай ішінде өтеп тастауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу