Колумбияда футболдан ел чемпионаты зілзалаға байланысты тоқтатылды

82

Жаңа маусымның басталғанына көп болмады.  

Колумбияда футболдан ел чемпионаты зілзалаға байланысты тоқтатылды Фото: Edwin Rodriguez Pipicano/Anadolu via Getty Images

Лига құрамындағы 36 клуб зардап шеккен өңірлерге көмек көрсететін болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Колумбияда футболдан ел чемпионаты елдің батысында болған жойқын жер сілкінісінен кейін уақытша тоқтатылды. Командалар әзірге 4 тур ғана өткізіп үлгерген. Алайда табиғи апатқа байланысты чемпионат ойындарын осы аптада өткізбеу туралы шешім қабылданды.

Колумбияның Кәсіби футбол лигасы бұл шешімнің басты себебі елдегі қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету екенін мәлімдеді. Лига құрамындағы 36 клуб зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарына атсалыспақ.

"Бүгін футбол күте алады, ал Колумбия бізге мұқтаж", – делінген лиганың мәлімдемесінде.

Жер сілкінісі Колумбияның Чоко департаментіндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар қаласына жақын жерде болған. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 7,4 балға жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апаттан 111 адам қаза тапқан. Ең көп зардап шеккен қалалардың қатарында Перейра мен Манисалес бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу