Осылайша, Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңі қазақстандық клубтар үшін сәтті басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Елімай" қарсыласымен тартысқа толы матчта 1:1 есебімен тең тарқасты.
Ойынның 60-минутында Арсен Әшірбек Конференция лигасында алғаш рет мергендігімен танылып, семейлік командаға сенім сыйлады. Кездесудің 86-минутында алаң иелері сапынан Давид Тертерян да өз атына гол жазды. Қос ұжым тең есепке қанағат білдіруге мәжбүр болды.
Ел намысын қорғаған елордалық "Астана" сырт алаңда албаниялық "Динамо Ситиден" айласын асырды. Жеңісті гол Рамазан Кәрімовтың атына жазылды. Астаналық команданың шабуылшысы командаласы Марин Томасовтың қапталдан берген пасын ұтымды пайдаланды.
Қос команданың да қарымта кездесулері 16 шілдеге жоспарланған.
Бұған дейін "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында жеңгенін жаздық.