9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған сапар барысында екі елдің басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізеді.
Кездесулердің басты тақырыбы – екіжақты ынтымақтастықты нығайту және экономикалық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ басқа да салалардағы перспективаларды талқылау болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу