"Көңіл күйі өте жақсы": Қайрат Боранбаев "Челси" сапында жаттығып жүрген Дастан Сәтпаевпен кездесті

530

"Қайрат" футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Кобхэмдегі жаттығу базасына арнайы барды.  

"Көңіл күйі өте жақсы": Қайрат Боранбаев "Челси" сапында жаттығып жүрген Дастан Сәтпаевпен кездесті Фото: instagram/kairat4

Алматылық ұжымның басшысы Дастанның Англияға жақсы физикалық дайындықпен келгенін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ең бастысы – оның көңіл күйі өте жақсы. Ол толықтай жұмысына ден қойып, мансабындағы жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақстан чемпионаты қызып тұрған кезде Дастан ұзақ үзіліссіз, физикалық дайындықпен Лондонға келді. Бұл жас футболшы үшін бейімделу кезеңінде үлкен артықшылық. "Челсидің" талаптары мен жұмыс қағидалары ол үшін таңсық емес. Біз "Қайрат" академиясында ойыншыларды даярлауда заманауи еуропалық стандарттарды мақсатты түрде енгіздік", – деді Қайрат Боранбаев.

Сондай-ақ ол Дастан Сәтпаевтың жолы Қазақстандағы мыңдаған жас футболшыға шабыт беріп, әлемнің үздік клубтарына жол тартатын жаңа буынның қалыптасуына ықпал ететініне сенім білдірді.

"Дастанның жолы Қазақстандағы мыңдаған баланы шабыттандырса екен деймін. Бұл тек бастамасы екеніне сенемін. Дастаннан кейін де әлемнің ең мықты клубтарына отандық футболдың өзге де түлектері жол тартады деп ойлаймын", – деді Қайрат Боранбаев.

Дастан Сәтпаев жақында "Қайрат" сапындағы қоштасу матчын өткізген болатын. Ойыннан кейін Алматының Орталық стадионында жанкүйерлер мен клуб басшылығы ойыншыға алғыс білдіріп, естелік жейде табыстады.

Футболшы Англияға тамыз айында 18 жасқа толған соң ауысуы керек болған. Алайда "Челси" басшылығы оны алдын ала шақырып, дайындыққа қатыстыру туралы шешім қабылдады.

Британдық БАҚ мәліметінше, клубтың бас бапкері Хаби Алонсо Сәтпаевты алдымен жастар командасында сынап көруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу