Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин Олимпиадада ТОП-10 спортшының қатарына кірді

136

Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жеңімпаздар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин Олимпиадада ТОП-10 спортшының қатарына кірді Фото: Туризм және спорт министрлігі / Сали Сабиров

Әлемдегі ең ТОП-3 жылдам спортшының қатарына кіретін Евгений Кошкин қашықтықты 34.56 секундта жүгіріп өтті.

  • 1-орын. Джордан Штольц (АҚШ) – 33.77 секунд (Олимпиада рекордын жаңартты)
  • 2-орын. Еннинг Де Бо (Нидерланд) 33.88 секунд
  • 3-орын. Лоран Дюбрёй (Канада) 34.26 секунд
  • 9-орын. Евгений Кошкин 34.56 секунд

Евгений Кошкин 2025 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем Кубогының бірінші кезеңінде 500 метрді 33.67 секундта (тарихтағы үшінші көрсеткіш) бағындырып, тікелей Милан Олимпиадасына жолдама алған.

Айта кетейік, енді ертең Евгений Кошкинның жұбайы Кристина Силаева дәл осы қашықтықта жүлдеге таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу