Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

114

Жарыс қорытындысы бойынша Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.

Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды Фото: olympic.kz

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшылар бірнеше қашықтықта және командалық спринтте жүлделерді сарапқа салды.

Ерлер арасында 500 метр қашықтықта Евгений Кошкин 35,20 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Артур Галиев 35,39 секунд көрсеткішімен күміс, Никита Важенин 36,04 секунд нәтижесімен қола медаль иеленді.

Әйелдер арасында бұл қашықтықта Кристина Силаева топ жарды. Ол 38,28 секундта мәреге жетті. Кристина Шумекова 38,822 секунд нәтижесімен екінші орын алса, Алина Дауранова 39,34 секунд көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

Кристина Шумекова 3000 метр қашықтықта да чемпион атанды. Ол жарысты 4 минут 14,93 секундта аяқтады. Елизавета Голубева 4 минут 16,35 секунд нәтижесімен күміс, Диана Бачурина 4 минут 45,04 секунд көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы 5000 метрде Вадим Якубовский 6 минут 41,19 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанды. Андрей Зуев екінші, Абылайхан Қайырғазы үшінші орынға тұрақтады.

Командалық спринтте әйелдер арасында Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы 1 минут 34,14 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Астана командасы күміс, Павлодар облысының құрамасы қола медаль алды.

Ерлер арасындағы командалық спринтте Қостанай облысының конькишілері үздік шықты. Олар 1 минут 24,10 секунд нәтиже көрсетті. Астана құрамасы екінші, Алматы қаласының командасы үшінші орын иеленді.

Қазақстан чемпионаты 15 қазанға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша Әлем кубогы кезеңдерінде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу