Әлем кубогы кезеңдерінің (АҚШ, Канада, Нидерланды, Норвегия) қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 олимпиадалық лицензия жеңіп алды.
Жаттықтырушылар штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина 2 жолдама иеленсе, шорт-трекшілер тағы 9 лицензия алды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 23 лицензия бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу