Көп ұзамай ЕАЭО жүктері толық бақылауға алынатын болады

Аумақта 11 ақпаннан бастап жүктер навигациялық пломбалар арқылы қадағаланбақ. 

Көп ұзамай ЕАЭО жүктері толық бақылауға алынатын болады Фото: transitllc.ru

Бақылау жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі және автомобиль, теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерге қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағында навигациялық пломбаларды қолдану арқылы тауарларды қадағалау жүйесі күшіне енеді. 

Тиісті шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы өткен жылғы 23 қыркүйекте 2022 жылғы 19 сәуірдегі навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім аясында қабылдаған. 

Қадағалау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілмек және автомобиль, теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерге қатысты саналады. Ол кедендік транзит пен экспорт рәсімдерін жүргізу кезінде, сонымен қатар Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда шеңберінде қолданылмақ.

Бизнес өкілдерін, соның арасында тасымалдаушыларды, экспедиторларды және логистикалық үдерістерге қатысатын барлық тарапты тасымалдың үздіксіздігін қамтамасыз ету және жеткізу мерзімдерін сақтау үшін ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауға шақырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу