Көптен күткен дебют: Ислам Чесноков шотландиялық клуб сапында алаңға шықты

238

Ислам Чесноков командасына пенальти алуға себепкер болды. 

Көптен күткен дебют: Ислам Чесноков шотландиялық клуб сапында алаңға шықты

Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков Шотландия кубогының 1/16 финалында "Фалкиркке" қарсы өткен матчта "Хартс" сапында дебют жасады. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмай, пенальти сериясында "Фалкирк" ойыншылары 5:4 есебімен басым түсіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Чесноков алаңға 77-минутта қосалқы құрамнан шықты. Ал, 85-минутта пенальтиге себепкер болып, командасына есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Пенальтиден Лоуренс Шенкленд дәл соққы жасады.

"Хартс" келесі кездесуін 25 қаңтарда "Селтикке" қарсы өткізеді. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ойыншы "Хартс" клубына 6 қаңтар күні "Тобылдан" еркін агент ретінде ауысып, 2028 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу