Корея Қазақстанның он ірі сауда және инвестициялық серіктесінің қатарына кіреді – Президент

295

Президент Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті. 

Корея Қазақстанның он ірі сауда және инвестициялық серіктесінің қатарына кіреді – Президент Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Хан Сон Сукты Корея Үкіметінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, аса жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бүгінде қазақ-корей қарым-қатынастары тұрақты түрде жақсы дамып келе жатыр. Стратегиялық әріптестігіміздің аясында қос тарап үшін де пайдалы болатын көптеген маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Сіздің еліңіз Қазақстанның он ірі сауда және инвестициялық серіктесінің қатарына кіреді. Қазақстанда корей капиталы бар 1 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бірақ алдымызда тұрған жауапты міндет өте көп. Сіздермен бірге жоспарларымызды ойдағыдай іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанда оңтайлы іскерлік және инвестициялық климат жолға қойылғанын атап өтті.

– Елімізде Кореяның ірі корпорацияларымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдерінің кәсіппен айналысуына қолайлы жағдай жасалған. Осы бағытта қазақ-корей үкіметтері қажетті шараларды атқарып жатыр. Атап айтқанда, Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, сондай-ақ Іскерлік кеңес тиімді жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар қажетті құқықтық негіз қалыптасқан, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу