Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімге тосыннан барды

440

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімге тосыннан барды Фото: Бейнежазбадан

Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, министр әскери бөлімдегі қызметтің ұйымдастырылуымен танысып, әскери қызметшілердің орналасу және тұрмыс жағдайын тексерді.

Тосын тексеру барысында казармалардың жай-күйіне, сондай-ақ әскери бөлім инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу