2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Көрші ел ТОП-500 ірі жекеменшік кәсіпорынның рейтингін жария етті

Өткен жылдың қорытындысында тізімдегі алғашқы 110 компанияның операциялық кірісі 100 млрд юаньнан (шамамен 14,82 млрд доллар) асқан.   

Көрші ел ТОП-500 ірі жекеменшік кәсіпорынның рейтингін жария етті Фото: russian.news.cn

Синьхуаның жазуынша, бұл елдің жекеменшік секторының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетсе керек-ті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайдың Бүкілқытайлық өнеркәсіпшілер және саудагерлер федерациясы (БӨСФ) Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласында жариялаған рейтингте алғашқы үш орынды JD.com, Alibaba (China) Co., Ltd. және Hengli Group Co., Ltd. компаниялары иеленді.

Бұл – БӨСФ-ның елдегі ірі жекеменшік кәсіпорындар арасында жүргізген 28-ші зерттеуі. Осы жылы зерттеуге 2025 жылдың қорытындысында әрқайсысының операциялық кірісі 1 млрд юаньнан асатын 6350 кәсіпорын қатысқан. Аталған рейтинг олардың операциялық кірісі туралы деректер негізінде жасалды.

2025 жылдың қорытындысында Қытайдағы 500 ірі жекеменшік кәсіпорынның жиынтық операциялық кірісі 44,93 трлн юаньға жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,35 пайызға өсті. Олардың жиынтық таза пайдасы 1,83 трлн юань болды. Оның ішінде 17 кәсіпорынның әрқайсысы 20 млрд юаньнан астам таза пайда тапқан.

Елдегі 500 ірі жекеменшік кәсіпорын стратегиялық маңызы бар жаңа салалар мен болашақ индустрияларға белсенді түрде инвестиция салуын жалғастырады. 

Инновация саласында да ірі кәсіпорындардың белсенділігі жоғары. Тиісті мәліметтерді ұсынған 500 компанияның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсаған жалпы шығыны 1,26 трлн юаньды құраған. Бұл ретте ҒЗТКЖ-ға салынған инвестицияның орташа үлесі кәсіпорындардың кірісінің 2,95 пайызына тең болды.

Сондай-ақ, елдегі 500 ірі жекеменшік кәсіпорынның өткен жылы төлеген салықтарының жалпы көлемі 1,3 трлн юаньға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу