Көрші елдің облысында аза тұту күні жарияланды

Тілсіз жаудан 15 адам зардап шеккен еді.  

Көрші елдің облысында аза тұту күні жарияланды

Ресейдің Ярославль облысында пиротехника өндіретін кәсіпорында болған өрттен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондықтан, аймақта 30 қыркүйек аза тұту күні деп жарияланып отыр.

ТАСС агенттігі Переславль-Залесский округінің Кубринск ауылындағы өрт толық сөндірілгенін жазды. Қазір құтқарушылар оқиға орнында үйінділерді ашу жұмыстарын жалғастыруда.

Бұған дейін өртке байланысты округте төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, оның жұмысына Ярославль облысының үкіметі, Тергеу комитеті, полиция және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысып жатыр.

30 қыркүйек Ярославль облысында аза тұту күні ретінде жарияланды. Мемлекеттік органдардың ғимараттарында мемлекеттік ту төмен түсірілмек. Телеарналарға, радиостанцияларға және мәдениет мекемелеріне ойын-сауық бағдарламалары мен іс-шараларды тоқтату ұсынылған.

Өңір билігі қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қаржылай, медициналық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

– Жағдайды жеке бақылауымда ұстап отырмын. Қайғылы оқиғаның себептерін міндетті түрде анықтап, кінәлілерді жауапқа тартамыз, – деді Ярославль облысының губернаторы Михаил Евраев.

Ресей Тергеу комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеушілер өрттің шығу себептері мен оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу