Көршілес елде 2030 жылға дейін 5 мемлекеттік банк жекеменшікке өтеді

528

Өзбекстан мемлекеттік банктерді жекеменшікке өткізуді сатылай жүзеге асырмақ.  

Көршілес елде 2030 жылға дейін 5 мемлекеттік банк жекеменшікке өтеді Фото: yuz.uz

Биылғы жоспар бойынша біреуі сатылуға тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кету керек, қазіргі таңда көрші елде 9 ірі банк мемлекеттің меншігінде. Бұл банктер елдегі барлық активтердің 64,53%-ына иелік етеді. Билік жекешелендіру арқылы көрсеткішті бірте-бірте азайтып, 2030 жылға дейін бесеуін сатпақ.

Қабылданған қаржылық стратегияда шетелдік банк топтарының қатысуына тыйым салынып отыр. Яғни, қаржылық ұйымдар енді тек ел азаматтарының иелігіне өте алады.

Сонымен қатар, Экономика және қаржы министрлігі, "Асакабанк" және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жекешелендірудің негізгі коммерциялық шарттары және тараптар арасындағы институционалдық ынтымақтастықты айқындайтын шартқа қол қойды. Келісімге сәйкес, ЕҚДБ "Асакабанктің" 15 пайыздық үлесін сатып алуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу