banner

Қоржынымызда екінші алтын!

825

Лейк-Плэсид Универсиадасының дүйсенбілік жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын түсті.

Қоржынымызда екінші алтын!

Шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев орташа трамплинде ең үздік нәтиже көрсетіп Универсиада чемпионы атанды. Жерлесіміздің осы жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте алтыншы орынға көтерілді. Ал біз жарыс басы-қасында жүрген әріптесіміз Жандос Айтбайұлымен тілдесіп, мән-жайды сұрастырдық.

- Кейде жүлде біз күтпеген жақтанда келіп қалады. Әдетте қанатты шаңғышыларымыз мықтыларды маңайлай алмай жүретін. Бүгін Данил Васильевке  ерекше қанат бітіп алысқа самғады. Аустрияның екі бірдей спортшысын артқа тастаған жерлесіміз Универсиада чемпионы атанды. Студенттер спортына жасалған қолдаудың арқасында қыз-жігіттеріміздің жеңіске деген жігері арта түсті - дейді Ж.Айтбайұлы.

Биатлоннан аралас эстафетада бапкерлер Александр Мухин мен Арина Крюковаға сенім артыпты. Тәжірибелі деген Мухин бұл жолыда мүлт кетті. Рас, шаңғымен жүгіргенде алдына жан салған жоқ. Бірақ ату айлағына келгенде қолы дірілдеп мергендік таныта алмады. Керісінше Арина тәуір атты. Бір ғана оғы қисық ұшты демесеңіз, қалған кезде нысананы дәл көздеді. Осылайша біздің жерлестер жүлдеге бір табан жетпей 4 -ші сатыға тұрақтады. Одан кейін конькишілер жарысына бардық. Ашық аспан астындағы мұз айдыны біздің Медеумен салыстыруға келмес, дегенмен  өзіндік тарихы бар екен. Яғни, дәл осы жерде 1932-ші жылғы Лэйк-Плэсид олимпиадасының ашылу рәсімі өтсе, спортшылардың ең алғаш тұғырға шыққан кезіде осы айдында болған екен. Конькиші жігіттер бүгін 5 мың метрге жарысты. Бұл енді нағыз мықтылардың сайысы. Өйткені кез-келген конькиші ұзақ қашықтыққа жүгіре бермейді.  Қазақ ұлдарының да коньки тебе алатынын Бағдәулет Сағатов дәлелдеді.  Нағыз бабында екен, әттең бағы жанбады.

Хоккейшілеріміздің қарқыны күшті.  Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері қарсыластарына бет қаратар емес. Корея мен Венгрия және Британия құрамасын ірі есеппен ұтқан біздің жігіттер бүгін аузлы деген Словакияны да сан соқтырды. Есеп 4:0. Енді Қазақстан құрамасы Америкалықтармен айдынға шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу