Көшпенділер ойындары: Қазақ мергендері қоржынға 2 алтын медаль салды

Дәстүрлі садақшыларымыз бірнеше нысана бойынша бақ сынады.  

Көшпенділер ойындары: Қазақ мергендері қоржынға 2 алтын медаль салды Фото: t.me/sport_comiteti

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мергендеріміз жоғары нәтиже көрсетті дей аламыз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аяш Қабдолаева “Пута” нысанасы (60 метр),  Ғалымжанова Әсемгүл “Орта Азия” нысанасы (40 метр) бойынша алтыннан алқа тақты. 

Бұған дейін мерген Айкөркем Батисханның күміспен күптелгенін жазған едік. 

40 метр қашықтықта өткен әйелдер арасындағы бәсекеге әлемнің 50-ден аса мемлекетінен 80-нен көп мерген қатысқан. Айкөркем Батихан мықтылар арасынан суырылып шығып, финалдық кезеңге жолдама алған болатын.

Дәстүрлі садақ атудан сынға түскен тағы бір отандасымыз – Сесигюзель Али. Ол 70 метрлік “Пута” нысанасы бағытында бақ сынап, қола жүлдеге ие болды.

Жаза кеткен жөн, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасының Бішкек және Шолпан-Ата қалаларында өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу