Оның сөзінше, медальдарды санау кезінде қателік кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін ұйымдастырушылар медальдық есепке қатысты түсініктеме берген болатын.
– Командалық есептегі жалғыз техникалық сәйкессіздік медальдарды санау кезінде туындады. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның 3 спортшысының әрқайсысының медальдарын бөлек санау туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орын алды, – делінген Аскат Алагозовтың мәлімдемесінде.
Жаза кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жетістігімен құттықтады.