Қосшы қалаға айналды – Президент Жарлыққа қол қойды

1876

Бүгін, яғни 2021 жылғы 27 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қосшы қалаға айналды – Президент Жарлыққа қол қойды

"Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Президенттің Ақорда сайтына шыққан қаулысында. 

Айта кетсек бұған дейін inbusiness.kz порталы Қосшы ауылының мәселесі бірнеше рет көтерген болатын. Қосшыда ресми тіркелген халықтың саны 20 мың ғана болса да, бейресми деректерге сүйенсек, 80 мыңға тарта адам тұрады.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу