Қостанай облысы ұн өндірісінде көш бастап тұр

2185

Ауыл шаруашылығы саласы Қостанай облысы экономикасының екінші базалық бағыты болып табылады.  

Қостанай облысы ұн өндірісінде көш бастап тұр

Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,5% -ды құрайды. Осы салада 117 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 25%-ы.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәлімдеме жасағанда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2020 жылы астықтың жалпы түсімі 4 млн тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 10,1 центнерден келді. Жаздық егіс 4,7 млн гектар алқапты алды. Оның ішінде 3,9 млн гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақыл егілді. Бидай 3,3 млн, майлы дақыл 590 мың гектар жерге егілді", – деді Архимед Мұхамбетов

Оның айтуынша, Қостанай облысы ел бойынша ұн өндірісінің көшін бастап тұр. Сары май, сүт, қоюландырылған сүт және қатты түрдегі сүт өндірісі бойынша – екінші, йогурт, ашытылған кілегей, макарон өндірісі бойынша –үшінші орында тұр. 

"Ет өндірісі – 4,7%-ға, сүт өндірісі – 2,5% - ға өсті. Тамақ өнімдері өндірісінің экспорты бойынша облыс 2020 жылы ел көлемінде бірінші орын алғанын атап өту маңызды", – деді Қостанай облысының әкімі. 

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу