ҚПЛ-2026: "Ордабасы" ел чемпионы болуға лайықты қадам жасады

Оған "Қайраттың" сырт алаңда "Астанадан" 0:1 есебімен ұтылғаны да әсер етті.  

ҚПЛ-2026: "Ордабасы" ел чемпионы болуға лайықты қадам жасады Фото: reposta.kz

Шымкенттік ұжым Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында "Атырауды" 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, "Ордабасы" 61 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайта түсті. 

"Түркістан Аренаның" басты қаһарманы Бьорн Йонсен болды деуге негіз бар. Норвегиялық шабуылшы қарсылас қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, хет-трик авторы атанды. 

Ол матчтың 20-минутында есеп ашса, ойынның екінші бөлігінде екі рет (54 және 90+2-минуттарда) мергендік танытты. 

Осы жеңістен соң шымкенттік клуб екінші орында тұрған Алматының "Қайратынан" 4 ұпайға ұзап кетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу