Сол себепті, "Қайрат" футбол клубының жас шабуылшысы маусымның бірінші әрі маңызды матчтарын жіберіп алуға мәжбүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚПЛ-дің қазіргі жеңімпазы алматылық "Қайрат" пен Қазақстан Кубогының иегері қостанайлық "Тобыл" жаңа маусымды дәстүрлі Суперкубок ойынымен бастауға жақын. Маусым шымылдығын ашатын тартысты кездесу 28 ақпан күні "Астана Арена" стадионында сағат 17:00-де өтеді.
17 жастағы форвард соңғы рет "Қайрат" сапында 26 қарашада алаңға шыққан еді. Ол Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 5-турында бір гол соғып көзге түсті. Десе де, кейін жарақатына байланысты алматылық клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды, ал екінші жиынды мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұған дейін "Челси" мамандары Дастан Сәтпаевтың оңалу процесіне қолдау көрсету үшін Алматыға келгенін жаздық.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толған соң лондондық "Челси" клубының қатарына қосылатын болады.