Тізімде "Ордабасы" ойыншысы Жасұлан Әмір көш бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үздік үштікті "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков түйіндеп тұр.
Мұнан бөлек, ТОП-10 футболшы қатарында "Астана" және "Ақтөбе" футбол клубтарының ойыншылары да бар.
Сонымен, еліміздегі ең қымбат футболшылар:
Жасұлан Әмір ("Ордабасы") – 2,5 млн еуро;
Иван Башич ("Астана") – 2,5 млн еуро;
Темірлан Анарбеков ("Қайрат") – 1,2 млн еуро;
Ги-Марселин Килама ("Ордабасы") – 1,2 млн еуро;
Мақсат Абраев ("Астана") – 1 млн еуро;
Дэвид Абагна ("Ордабасы") – 1 млн еуро;
Пабло Альварес ("Ақтөбе") – 1 млн еуро;
Жоржиньо ("Қайрат") – 1 млн еуро;
Эльхан Астанов ("Ордабасы") – 900 мың еуро;
Артур Шушеначев ("Ақтөбе") – 900 мың еуро.
Бұған дейін Жасұлан Әмір ҚПЛ-дағы үздік жас футболшы атанған еді.