Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогында қола жүлдегер атанды

487

Қазақстандық хоккейшілер 3-орын үшін сайыста Таиландты 7:2 есебімен тізе бүктірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Индорхоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогында қола жүлдегер атанды Фото: Asian Hockey Federation

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Индонезияны 6:2, Оманды 4:0 есебімен тізе бүктірсе, Малайзиямен 3:3 есебімен тең ойнады.

Одан кейін плей-офф сатысында Таиландтан басым (9:2) түссе, Иранға (3:5) жол берген еді. 

Еліміздің ерлер құрамасы Азия кубогында 2015, 2017, 2019 жылдарда күміс жүлдегер болса, 2014, 2022 жылдарда қола медальға қол созды.

Еске салсақ, бұдан бұрын индорхоккейден Азия кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс алды.

Айта кетсек, биыл Азия кубогы финалында Малайзияны (7:1) жеңген Иран чемпион атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу