Криштиану Роналду өзі доп тебетін "Әл-Наср" басшылығына наразылық білдірді

123

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" клубының басқару саясатына көңілі толмайтыны белгілі болды.

Криштиану Роналду өзі доп тебетін "Әл-Наср" басшылығына наразылық білдірді Фото: goal.com

Сауд Арабиясы чемпионатының 20-туры аясында өткен "Әл-Риядқа" қарсы матчта Криштиану Роналду команданың өтініміне енбеді.

БАҚ мәліметінше, бұл шешім футболшының жарақатына немесе демалысына байланысты емес. Негізгі себеп – клубты басқаратын Қоғамдық инвестициялық қордың (PIF) трансферлік саясатына Криштиану Роналдудың наразылығы.

Португалиялық жұлдыз PIF стратегиясы "Әл-Насрға" емес, басты бәсекелес "Әл-Хиляльға" көбірек басымдық беріп отыр деп есептейді. Әсіресе, Кәрім Бенземаның "Әл-Хиляльға" ауысуы мүмкін деген ақпарат Криштиану Роналдудың көңілін одан әрі түсірген.

Оның пікірінше, мұндай қадамдар чемпиондық үшін күрестегі әділ бәсекеге қауіп төндіреді.

Инсайдерлердің хабарлауынша, Криштиану Роналдудың матчтан шет қалуы клуб басшылығына жасалған ашық қысым ретінде бағаланып отыр. Футболшы чемпиондық тағдырын шешетін кезеңде команда трансферлік саясатын қайта қарауды талап етіп отыр.

Соған қарамастан, "Әл-Наср" Криштиану Роналдусыз да "Әл-Риядты" 1:0 есебімен жеңді. Команда ертең сағат 22:30-да "Әл-Иттихадпен" кездеседі. Криштиану Роналду жаттығу процесіне қайта қосылғанымен, алдағы матчқа да қатыспауы мүмкін деген ақпарат бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу