"Критериум дю Дофине". Лопес 6-нәтиже көрсетті

1110

Кол де Порт шыңында "Астана" шабандозы Мигель Анхель Лопес мәреге 6-болып келді.

"Критериум дю Дофине". Лопес 6-нәтиже көрсетті

"Критериум дю Дофине" көпкүндігінің бүгінгі 2-кезеңінде Мигель Анхель Лопес жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс күні Кол де Порт шыңында аяқталды. "Астана Про Тим" шабандозы велододаның басқа фавориттерімен бірге соңғы 16 шақырымға дейін алдыңғы қатарда болды. Жарыс тағдыры спринтте шешілді. Мәреге 500 метр қалғанда шабуылға шыққан словениялық велошабандоз Примож Роглич жеңімпаз атанды. Мигель Анхель Лопес финишке жарыс жеңімпазының ізімен жоғары жылдамдықпен жүргенімен, нәтижесінде "Астана" капитаны 6-орынға ие болды.

"Кезең қысқа болғанымен, қызықты өтті. Финалдағы асу жолы қиынға соқты. Шабандоздар жоғары жылдамдықпен жүру үшін біраз күш жұмсады. Бүгін мен сайыстың ең мықты шабандоздарымен бірге мәреге келдім және бұл көрсеткіш мені жігерлендіреді. Күннен күнге бабым да жақсаруда. Команда жақсы жұмыс атқарды. Ертең бізді тағы бір қиын таулы кезең күтіп тұр. Бүгінгіден де жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Оқиғаның қалай өрбитінін көре жатармыз", - деді Мигель Анхель Лопес

"Критериум дю Дофиненің" 2-кезеңі Вьен қаласында басталып, 135 шақырымнан кейін Коль де Порт шыңында аяқталды. Алға озған топтың соңғы шабандозын пелотон қуып жеткеннен кейін Ineos командасы алға озып, жылдамдықтарын күрт арттырды. Нәтижесінде "Астана Про Тим" өкілі Мигель Анхель Лопесті қоса есептегенде 10-15 шабандоздан құралған шағын топ құрылды. Жарыс жолының соңғы 500 метрінде Примож Роглич шешуші шабуылға шығып, кезең жеңімпазы атанды. Сонымен қатар ол жалпы есепте көш бастады. Мигель Анхель Лопес финишке 6-болып келді және жалпы есепте 9-орынға көтерілді.

Өкінішке орай жарыс жолының соңғы бөлігінде "Астана" шабандозы Луис Леон Санчес тап болды. Ол сол аяғын жарақаттап алды. Қанышқа орай ауыр жарақат алған жоқ. Қақтығыстан кейін жарыс жолына қайта оралып, кезеңді аяқтады.  

Бүгін "Критериум дю Дофине" велокөпкүндігінің 3-кезеңі өтеді. Коренкадан басталатын жарыс жолы 157 шақырымнан кейін Сен-Мартен-де-Бельвильде аяқталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу