Қуат Түркиялық клубпен келісім-шарт жасайды

1532

Өткен маусымды қазақстандық футболшы Ресейде өткізген болатын.

Қуат Түркиялық клубпен келісім-шарт жасайды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат спорттық мансабын Түркияда жалғастырмақшы. Жақын арада 27 жасар футболшы Түркияның бірінші лигасында ойнайтын "Самсунспор" клубымен келісім-шарт жасайды.

Бұған дейін Қуат елордалық "Астана" футбол клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Ресейдің "Оренбург" командасынан кеткеннен кейін ол бос агент ретінде жүр. Исламбек Қуат "Астана" сапындағы спорттық мансабын 2010-2014 жылдар аралығында өткізген және екі рет "Ақтөбе" және "Оқжетпес" клубтарына жалға ауысқан. 2014-2019 жылдар аралығында елордалық футбол клубының түлегі "Қайрат" сапында ойнады. Ал биылғы жылдың 1 қаңтарында Ресейдің "Оренбург" командасына ауысты. Ол тек екі  ойын ғана өткізді және клуб Ресей премьер-лигасынан шығып қалғаннан кейін командадан кеткен.

"Самсунспор" командасына келер болсақ, өткен маусымда Түркияның екінші дивизионында ойнағанымен, биылғы маусымда бірінші лигаға шықты. Енді түркиялық клуб мұнымен тоқтап қалмай, суперлигада да ойнауды көздеп отыр. Аталған клуб соңғы рет 2006 жылы суперлигада өнер көрсеткен болатын.

Ақпарат көздеріне сүйенер болсақ, Түркияның "Самсунспор" командасы келісім-шарт бойынша Исламбек Қуатқа ай сайын кемінде 45-50 мың еуро жалақы ұсынып отыр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу