Қуаты таусылды

7772

Алматыда өткен көлік көрмесінде бірде-бір электрокар болмады.

Қуаты таусылды

Автокөлік жасау және ілеспелі тауарларды өндірудегі жетістіктерді көрсетуге арналған "Автобөлшек-Автошоу" көрмесі жыл сайын өтеді. Алайда биыл Алматыда өткен көрмеде бірде-бір электромобиль болмады.

Былтыр және оның алдындағы жылдары  көрмеде XXI ғасырдың технологиялық жаңалықтары жақсы таныстырылған болатын, ал биыл оларды ұмытып кеткенге ұқсайды. Көрмеге алматылық  конструктор Таир Балбаев құрастырған атақты электрокар да, елімізде жасалған JAC электрлі кроссоверлер де, сонымен қатар қытайдың төрт орынды және 14 орынды GreenWheel электромобилі де қойылмаған.  ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ыстық-суығы басылмай жатып-ақ болашақ энергиясы саласындағы идеялар екінші кезекке шығып қалды. Көрмеге қатысушылар елімізде электромобильдер сұраныста емес, сондықтан оларды көрмеге қойғаннан пайда жоқ деп отыр.

"Әрине, болашақта электромобильге сұраныс туады. Электромобиль жылдам, артық шусыз жүреді, олар зиянды қалдықтарды мүлдем шығармайды. Бірақ тап қазір оларды пайдалану өте күрделі", – деді ABS-CARS компаниясының сауда директоры Игорь Стеценко. 

Оның айтуынша, электромобильдердің жүруіне қатысты мәселе әлі толығымен өз шешімін таппаған. Бір рет зарядталған "болашақтың көлігі" шамамен 500 шақырымды жүріп өтеді,  бұл алдыңғы қатарлы өндірушілердің жеткен көрсеткіші. Ал JAC сияқты қолжетімді машиналар зарядсыз тек 250-300 шақырымды жүріп өтеді. Яғни Алматыдан Талдықорғанға баратын жолда діттеген жеріңе жете алмай жолда қалуың мүмкін. Өйткені электромобильді зарядтайтын станция тек Алматыда ғана бар. Электромобильдің тағы бір үлкен кемшілігі – көлік салонын қыздырғанда жүруі айтарлықтай азаяды. Қыстың күні қырық градусқа дейін аяз болатын Қазақстан мен Ресей үшін бұл үлкен проблема. Игорь Стеценконың айтуынша, елімізде құрастырылған JAC электрлі кроссоверлер 24 мың доллар тұрады. Елге бұрын жүрілген электромобильді де әкелуге болады, қазір оларға кедендік баж салынбайды. Бірақ біздегі утилизациялық алым өте жоғары. Игорь Стеценконың сөзіне сенер болсақ, утилизациялық алым 800 мың теңгеден 2,5 млн теңгеге дейін барады. Айналып келгенде барлық шығын тұтынушының қалтасынан шығады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Ресейде утилизациялық алым шамамен 200 мың теңге болса, Еуропада 39 мың теңге (100 еуро). Утилизациялық алымның үлкен болуы – Қазақстанда электромобильдерге деген сұраныстың болмауына бір себеп болып отыр. Былтыр елімізде 30 шақты электромобиль тіркелген, ал Ресейде – 200-300 машина, Украинада 2000-ға жуық машина бар екен.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының жариялаған 2017 жылдың алғашқы тоқсанында сатылған жеңіл электромобильдер статистикасы да елімізде сатылған мұндай көлік тек саусақпен санарлық екенін көрсетеді. Салалық ұйымның мәліметі бойынша, бүгінгі күні электромобильдер люкстік көлік үлгісі сегментінде таңсық дүние санатына жатады.  Осы тұрғыдан келгенде Қазақстанның өзге елдерден ерекшелене алмайды. Өйткені Батыс Еуропа, АҚШ, Қытайдағы электромобильге сұранысты орасан зор жеңілдік пен мемлекет қаржыландыратын субсидиялар арттырып отыр.

Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша еліміздің аумағында 19 жаңа электромобиль тіркелген, ал былтырғы жылы осындай 9 көлік сатылған. Оның 11-і Tesla Motors үлгісіне тиесілі. Бағасы қолжетімді болған  Renault Nissan үлгісінің көліктері біршама танымалдыққа ие болған, қазақстандықтар төрт Nissan Leaf электромобилін, бір Renault Twizy және бір LADA Vesta EV электромобилін сатып алған. Сондай-ақ жыл басынан бері елімізде бір KIA Soul EV және бір JAC iEV6S электрлі кроссовері тіркелген.

Еліміздің нарығындағы электромобильдер сегментінде ең бірінші премиум санаттағы үлгілер ұсынылған. Мысалы, Tesla Model X кроссоверінің бағасы 85,5-115,5 мың доллар. Tesla Model S седанның бағасы 66 мың доллар мен 109,5 мың доллар аралығында.

JAC iEV5 кроссовер Қытай нарығында 34,9 мың доллар тұрады. Nissan Leaf-тың бастапқы бағасы – 30,7 мың доллар. Қазақстандықтардың ең көп сатып алған моделі Renault Twizy. Бұл эдектромобильдің Ресей нарығындағы бағасы 13,4 мың доллар.

Сатып алынған 19 көліктің 10-ы Алматыда, 8-і Астанада, 1-уі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Көлікті жеке тұлғалар (19-дың 17-сі) көп сатып алған.

 XX халықаралық көрмесі Алматыда өткен аптаның соңында өтті. 

Гүлназ Ермағанбетова, Римма Гахова

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться