Күн беті алғаш рет жоғары дәлдікпен түсірілді

81

Иноуэ телескопы қолданылды.

Күн беті алғаш рет жоғары дәлдікпен түсірілді Фото: baq.kz

АҚШ-тың Ұлттық күн обсерваториясының ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Гавай аралдарындағы ең қуатты телескоптың көмегімен сирек құбылысты тіркеді. Бұл құбылыс Күнде қауырсынға ұқсайтын плазмалық құйындар түрінде байқалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түсірілген суреттер Күннің көрінетін беті, яғни фотосфераның осы уақытқа дейінгі ең анық бейнесі саналады. Nature ғылыми журналында жарияланған зерттеу авторларының айтуынша, бұған дейін техникалық мүмкіндіктердің шектеулі болуына байланысты Күн атмосферасындағы, оның ішінде ең төменгі қабаты – фотосферадағы үдерістерді мұндай дәлдікпен бақылау мүмкін болмаған. Иноуэ күн телескопы Гавайдың Мауи аралында 25 жыл бойы жасалып, 2021 жылы толық іске қосылған.

"Күндегі құйындардың қалай пайда болатыны күн физикасындағы ең маңызды сұрақтардың бірі болып келді. Біз алғаш рет олардың қалай түзілетінін және қозғалысын анықтай алдық", – деді зерттеудің жетекші авторы Дэвид Куридзе CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Зерттеу авторлары жаңа телескоптың көмегімен түсірілген суреттер негізінде Күндегі жарқылдарды дәлірек болжауға мүмкіндік беретін тиімді жүйе жасауды көздеп отыр. Иноуэ телескопы диаметрі 4 метрлік айнамен жабдықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу