"Күн сайын 30-40 жауды өлтіру қажет!": Израиль министрінің мәлімдемесі қатаң айыпталып жатыр

Германия үкіметінің өкілі Себастьян Хилле оның сөзін "адамзатқа қарсы өшпенділікке толы әрі халықаралық құқыққа қайшы" деп атаған.   

"Күн сайын 30-40 жауды өлтіру қажет!": Израиль министрінің мәлімдемесі қатаң айыпталып жатыр Фото: iz.ru

Ал Германия канцлері Фридрих Мерц те Итамар Бен-Гвир жасаған сұмдық мәлімдемені қатаң айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаза кетейік, Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі ХАМАС ұйымының бұрынғы тұтқыны Ром Браславскимен болған подкаст барысында "күн сайын 30-40 жауды өлтіру қажет" екенін мәлімдеген

Ол Газа секторында "өмір сүруге лайық емес адамдар бар" деген де пікір айтқан. Десе де, министрдің бұл сөзі тек қарулы топ өкілдеріне қатысты ма, әлде жалпы палестиналықтарға бағытталды ма, ол белгісіз күйінде қалып отыр. 

Израиль министрінің мәлімдемесін Германиядағы еврей ұйымдары да сынға алды. Германия еврейлерінің Орталық кеңесінің басшысы Йозеф Шустер Бен-Гвирдің сөзі еврейлік құндылықтарға мүлде қайшы келетінін және Израильдің беделіне нұқсан келтіретінін айтты.

Ал Герман-израиль қоғамы министрдің мәлімдемесін "адамзатқа қарсы өшпенділікке толы әрі жауапсыз" деп бағалады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әзірге Бен-Гвирдің сөзіне қатысты көпшілік алдында пікір білдірген жоқ. Ультраоңшыл көзқарастарымен танылған министр бұған дейін де бірнеше рет даулы мәлімдеме жасап, Израиль үкіметі ішінде сын мен жанжалға себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу