Күнде қуатты жарқыл тіркелді

709

Күн жарқылдары рентген сәулесінің қуатына қарай A, B, C, M және X деген бес класқа бөлінеді. 

Күнде қуатты жарқыл тіркелді Фото: pixabay.com

Күнде 6 қазанға қараған түні қуаттылығы бойынша М класына жататын жарқыл тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, мұндай қуаттағы Күн жарқылы соңғы рет 5 қыркүйекте тіркелген.

– 5 қазанда Мәскеу уақытымен сағат 21:48–де рентген сәулесі диапазонында 4545 (N19E10) дақтар тобында 30 минутқа созылған M1.1 жарқылы тіркелді, – делінген хабарламада.

Күн жарқылдары рентген сәулесінің қуатына қарай A, B, C, M және X деген бес класқа бөлінеді. Ең төменгісі – A0.0 класы. Ол Жер орбитасындағы шаршы метрге 10 нановатт сәуле қуатына сәйкес келеді. Келесі әріпке өткен сайын сәуле қуаты 10 есе артады.

Күн жарқылдары кезінде плазма лақтырылуы мүмкін. Оның бұлттары Жерге жеткен жағдайда магниттік дауылдарға себеп болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу